Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» коммуналдық мемелекеттік қазыналық кәсіпорнының

Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» коммуналдық мемелекеттік қазыналық кәсіпорныныңМекенжайы: Өскемен қаласы, Протозанова, 37 а көшесі;


Жетекшісі: Шатурный Евгений Федорович;


Салынған жылы және пайдалануға берілген жылы: 2014 ж.
Жер телімінің ауданы:
Барлық жайдың жұмыс ауданы: 517 м²;
Барлық жайдың жалпы ауданы: 133,3 м²;
Ғимараттың көлемі:  м³
Қызметкерлер саны: 19 қызметке, соның ішінде:
Педагогикалық саны: 15 мұғалім;
Қызмет көрсеті түрі: қосымша білім беру;
Жобалық қуаты: 25 оқушы, екі ауысымда.


Өскемен қаласы әкімдігі «Жас құтқарушылар мектебі» КМҚК өз жұмысын «Қазақстан Республикасы білім туралы заңына» және № 228 14 маусым 2013 жылғы Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министерствоның бұйрығымен бекітілген «Балаларға қосымша білім беру мекемелердің жұмыстарын ұйымдастыруға арналған бір үлгідегі» ережелеріне, 2020 жылға Қазақстан Республикасында білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасына, ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту туралы жарлығында бекітілген бағдарламаға сәйкес жүргізеді.
Жас құтқарушылар мектебі зор болашағын жоспарлау негізінде және педагогикалық ұжым қызметiнiң нәтижелерi бойынша, білім беру қызметі сапасын қөтеру арқылы, әлеуметтік сауалдарын қанағаттау арқылы, қалаған мамандықты саналы түрде таңдау үшiн және меңгерудің негіздерін, еңбек жолын, азаматтық сана-сезiмнiң қалыптастыру, өскелең ұрпақты азаматшылық тәрбиесiне баулу, жалпы мәдениет, салауатты өмiр салты және туған жерге деген махаббат сезімдерін ояту үшін мектепте бірқалыпты жағдайлары жасалған


Жасқұтқарушыл мектебінде оқыту келесі бағыттармен жасалады:
Құтқару амалдары: Бұл пән экстремалды жағдайларда қауіпсіздікке дайын болу және ерекше дайындыққа бағыттаған.
Медициналық дайындық: Әр түрлі төтенше жағдайларда зардап шегушіге бірінші дәрігерлік көмек көрсетуді үйрету.
Өрт қауіпсіздігі: Өрт сөндіру кезінде құтқарушылардың жауынгерлік міндеттері туралы ортақ білім беретін пән.
Судағы қауіпсіздік: Балаларға жеке және қоғамдық қауіпсіздікке саналы және жауапты қатынасқа, судағы қауіпсіздік ережелеріне үйрететін пән. Оқушылар сумен байланысты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар түрлерімен танысады. Суда іздестіру - құтқарушы жұмыстарына үйренеді.
Арнайы дене шынықтыру дайындығы: Осы сабақта балалар туризммен, өлке танумен, жарыстарға қатысу арқылы денелерін шынықтырады.
2015-2016 оқу жылында ЖҚМ қосымша білім беру педагогикалық ұжымы 15 ұстаздардан құрады, оның ішінде 12 жоғарғы біліммен, жоғарғы дәрежемен 2 адам, 1 адам бірінші мамандырылған дәрежесімен жұмыс істеп жатыр, 3 адам екінші дәрежемен, дәрежесіз –9 адам.
«Жас құтқарушылар мектебі» балалар саны – 407оқушы, 21топта, олар: Өскемен қаласының орта мектептері: №№ 1, 26, 37, 11, 36, 4, 13, 27, 7, 39, 35, 16, 22, 42.

ЖҚМ оқушылары ішінде ұл балалар мен қыз балалардың теңдігі:
239 (58,7 %) ұл балалар, 168 (41,3 %) – қыз балалар.
Мектептегі қосымша білім беру ұстаздар ішінде өртке қарсы қызметі полковнигі атағы бар адамдар бар: Шатурный Е.Ф., Запевалова К.А., ШҚО ІІД полиция подполковнигі - Аубакиров Н.М., өрт сөндіру спортының спорт мастері атағы бар - Коныратбаев Н.С., Михайлов С.Н. – ШҚО ТЖД аға сүңгіуірі, Чуембаева Э.Ш. 3 (негізді) деңгей кембридждік бағдарлама бойынша курстарын өткен.

Екінші жыл қатарынан ЖҚМ халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жарыстарына қатысып келесі табыстарға ие болып жатыр:

2015жылдың 18 сәуірде Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70-жылдығына арнап»  алғашқы рет «Жас құтқарушы 2015» ашық қалалық жарысын қала мектептер оқушылары үшін ұйымдастырды. Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» КМҚК «Жас құтқарушы 2015» ашық мектеп жарысына тек Өскемен қаласының мектептері№ 1, 4, 10, 11, 13, 26, 27, 36, 37 ғана емес, сонымен қатар Риддер және Семей қаласының командалары қатысты. ШҚО ТЖД Протозанова 97|1 көшесінде орналасқан спорт кешеніне жан жақты Өскемен, Семей, Риддер қала мектептерінің жиналған оқушылар саны 110-ға жетті.

05.05.2015жылы Ұлы жеңістің 70-жылдық мереке қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» жас құтқарушылары және ШҚО ТЖД басшылары абыройлы 97-жастағы 68 дивизияның 100-ші атқыштар полкының 18 әскер ардагері - Қабатай Қалдыбаевты, ал 06.05.2015 жылы 85 жастағы Шкваров Алексей Карпович, 1943 жылдан бастап 367 полктегі пулеметчик болған, соғыс ардагері орденімен, Жуков медалімен марапатталған, соғыстан кейін 40 жыл өрт сөндіруші болып адал еңбек етті. Жас құтқарушылар 07.05.2015ж мәңгі отқа гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, ардагерлерді өздерінің творчестволық сйлықтарын(ән айтып, өлең шумақтарын) тарту етті.
15.05.2015 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» жас құтқарушылардың 2 командасы (10 баладан, бір команда конкурстан тыс қатысты) ШҚО ТЖ департаментімен ұйымдастырылған ДЮП ашық қалалық жарысына қатыстырылды. Жас құтқарушылар командасы Өскемен қаласы ШҚО ТЖД басшысы Садуақасовтың алғыс хатына ие болды.
18.05.2015 жылдың Өскемен қаласы әкімдігінің «Жас құтқарушылар мектебі» жас құтқарушылар командасы Алматы облысында «Жартасты қала-Астана» ҚР ТЖМ оқу-жаттығу полигонында (Алматы облысы, Іле ауданы, Тамғалы Тас шатқалы) құтқару бөлімшелерінің «Қазқұтқару-2015» 20-халықаралық жиын-семинарында алғашқы рет жас құтқарушылар жарысына қатысып, табысты 3-ші орынға ие болып, сыйлықтар табысталды.

2015 жылдың (маусым-шілде-тамыз) – табиғи ортада автономдық тіршілікке және психологиялық дайындық мақсатында, қауіпсіздік тірішілік негіздеріне үйрету үшін, ойын – сауық формасында Жас құтқарушылар жазғы жиындарын ерекше өткізді. Бұл жерде шатырларын құрды. Мектеп ішіндегі лагерь бағдарламасында әр түрлі секторлардан сабақтары өтеді: «Шатырлы қалашық», «Судан өту» - суда құтқару амалдарын, жүзу құралдарымен қолдануды үйрену (қайықтар, катамарандар, бөгеттер), сулы жерден өту, «Тіршілік маршруты» - (қара жәшік), құтқарушы жұмыстар элементтерімен қарта, компас, төңірек жерде жаяу және велобағдарыс жасау, қолдағы құралдармен отты жағу, тамақ әзірлеу, бірінші дәрігерлік көмек көрсету және зардап шегушіні тасымалдау, «Бөгет жолағы» - әр түрлі бөгеттерден өтуді жан жақты зерттеп, үйрену, өрт сөндіруші жауынгердің киімін уақытқа киіну бойынша сабақтары өтеді

Жас құтқарушы Мешков Валентин - 02 шілде 2015 жылы өткен Қазақстан Республикасы Тараз қаласында өрт сөндіру спорты бойынша жарысқа қатысып, 3 орынға ие болып ҚР құрама командасына кірді және 2015ж 02-09 тамызы өткен Беларуссия Республикасы Гродно қаласында әлем чемпионатында100 метрлік бөгеттерден жүгіру бойынша қола медалі, мадақтау қағазы мен бағалы сыйлыққа ие болды.
30.07.2015г-08.08.2015ж – Әр түрлі жағдайларда жүрiстұрыс жаттығу дағдыларын бекіту, текті өлкелер, Семей, Павлодар, Курчатов және Қазақстан Республикасының Астанасымен қалалармен танысу- зерттеу мақсатында: Өскемен қаласы әкімдігі «Жас құтқарушылар мектебі» Автотур өткізді. Команда 7 жас құтқарушылардан, мектеп директоры – Раимов Н.Д., ұстаз-ұйымдастырушы Раимханов А.М.

Парақтар өзгертілді: 19-01-2016