Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Латын қарпіне көшудің қажеттілігі неде?

2017 жылдың 27 қыркүйегінде Өскемен қаласының әкімдігінің «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ мен Өскемен қаласының әкімдігінің «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бірлесіп қала мектептерінің қазақ және аралас мектептерінің қазақ тілі  мұғалімдерімен «Латын қарпіне көшудің қажеттілігі неде?» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге «Өскемен қаласы білім беру бөлімі» ММ, қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша әдіскер Скакова Зульфира Сатыбалдиновна, «Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту» ММ, тілдерді дамыту секторының бас маманы Жұматаева Жұлдыз Сериковна  және есепші Советова Арайлым Ерболовна қатысты.

Осы дөңгелек үстел модераторы Өскемен қаласының әкімдігінің «№ 16 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Альмира Тлеухановна Кабидолдина болды. Дөңгелек үстелге барлығы 27 мұғалім қатысты.

Мұғалімдер латын әрпіне көшудің қажеттілігіне жан – жақты тоқталып өздерінің өткір ойларымен бөлісті. 2 топқа бөлініп жұмыс жасаған мұғалімдер қазіргі еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі – латын әрпіне көшудің өзектілігі мен қажеттілігін мысалдар арқылы дәлелдеуге тырысып, бұл үрдіс Қазақстанның болашағы үшін өте ұтымды екендігін айқындай отырып, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» идеясын бірауыздан қолдайтындарын баса айтты.

Дөңгелек үстелде «№ 4 орта мектебі» КММ мұғалімі  Ж.Құмарбекова, «№ 27  орта мектебі» КММ мұғалімі  Б. Муканов, «№ 33 орта мектебі» КММ мұғалімі  А. Торғайн өздерінің ұтымды ойларымен топтық жұмысты өте жоғары дәрежеде қорғап шықты.

Жоғарыда аты аталған мұғалімдерге «Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту» ММ мамандары бағалы сыйлықтар тапсырды.