Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Оқушылар қатарына қабылдау - 2017» дәстүрлі марафоны

№15 Балалар өнер мектебінде «Оқушылар қатарына қабылдау - 2017» дәстүрлі марафоны аяқталды!

 Қазан айынан қараша айына дейін № 7,8,15,27,32,37 орта мектептерде мерекелік іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның тәрбиелік маңызы өте зор,  балаларда өнер түріне деген қызығушылықтарын дамытады.

№ 15 орта мектепте «Қабылдау» презентациясы ашты, онда осы мектепте жұмыс істейтін барлық бөлімдер, педагогтар, ұжымдар мен олардың жеткен жетістіктері таныстырылды. Мектептің деңгейі мен қызмет бағыты көрсетілген ақпарат, жаңадан келген балалар мен олардың ата-аналары үшін пайдалы. №15 Балалар өнер мектебінің үлкен  шығармашылық отбасына қабылданған барлық бірінші сынып оқушылары мен ұжым жетекшілері сахнаға шақырылды. Қабылдау тәрбие әсерімен, эмоциялық жоғарғы деңгейде өтті.

№ 37 орта мектепте балаларға арналған қызықты сценарий; жанрлардың әртүрлілігі (стильденген халық әндері, миниатюралар, монолог және өлеңдер); сыртқы түрі, сөйлеу мәдениеті, жоғарғы темпоритм және әртүрлі музыкалық ресімдеу. Салтанатты қабылдау өтті, онда тату-тәтті және шығармашыл отбасына қабылдау сәтіне ерекше назар аударылды.  Қолданбалы өнер шығармашылығы (6-7 жастағы балалардың айналысқанына 2 ай болды) көрмесі шағын және қызықты болды. Іс-шараларды өткізетін педагогтар мен оқушылардың қызығушылықтарын көрсеткен, бұқаралық әсерлі би мен мерекенің жылы шырайлы финалы қатысушыларды біріктіре түсті. Жоғарғы құрам оқушыларының қамқорлығы мен қатысу деңгейі өте жоғары, жаңадан  келгендерді қолдап, белсенділендіріп, көмектесіп отырды. Бірінші сынып оқушылары – ертегі феясына айналып, жарқын бейнеде сахнада көрінді. Сахна эстетикалық безендірілген, нөмірлер таңдалынып алынған.

Ата-аналармен кері байланыс, осы жас балалары үшін мазмұнның қолжетімділігі, барлық іс-шара қатысушыларының мәдениеті, ұрпақтар сабақтастығы айқын көрінді.  

Дәстүрлі қабылдау мерекесіне ата-аналар мен балалар, педагогтар  тарапынан қызығушылықтарының артуы өте қуантады.

Жаңадан келген оқушылар бізден ғажайыпты және тосын сыйды күтеді, ал біздің балаларымыз эмоциялық жауаптылықты жақсы түсінеді.

Ал ата-аналар биылғы оқу жылында әдістемелік, сонымен қатар эстетикалық тұрғыдан қызықты өткен Қабылдау мерекесіне белсенді қатысты.