Құрметті ата-аналар! «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет үрдісін автоматтандыру» туралы ақпарат
Өскемен қаласының білім беру бөлімі 2018 жылдың қаңтар айынан бастап автоматтандырылған порталы орнатылып жатқанын хабарлайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін автоматтандыру мемлекет саясатының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Ол қызмет берушінің қызмет алушымен тікелей байланысын және жемқорлық тәуекелдерін болдырмай, көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, үрдістің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама беру үрдісін автоматтандыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің бақылауында. Аталған қызметті қамтамасыз ету үшін Министрлікпен мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы (2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172) жергілікті атқарушы органдардың көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарына өзгертулер енгізу туралы бұйрығы (2017 жылғы 11 қазандағы № 518) әзірленіп, бекітілді. Ол 2017 жылғы 3 қарашадағы № 15966 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеліп, Қазақстан Республикасының ағымдағы жылғы 15 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланды.
Автоматтандыру кезінде әдістемелік көмек көрсету үшін мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке тұруды және жолдама беруді қалыптастыру және жұмыс істеу үрдісін автоматтандыру бойынша Әдістемелік ұсыныстар бекітілді (ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығы).
Ата-аналардың өздері сайтқа http://garden.oouk.vko.gov.kz сілтемесі бойынша кіріп, кезек нөмірі мен бос орын бюллетенін көре алады.