Қала мектептерінде «Мультимедиалық журналистика» облыстық жобасын жүзеге асыру
2018 жылдың 23 ақпан күні «№7 орта мектебі» КММ-де «Мультимедиалық журналистика» үйірмелерінің жетекшілеріне арналған «Мультимедиалық журналистика» үйірмелер жұмысын ұйымдастыру арқылы бірыңғай ақпараттық кеңістік құру» семинары болып өтті. Аталған іс-шараға қала мектептерінің 42 оқытушылары қатысты.
Білім беру бөлімінің әдіскері Н.Т. Капчикова қатысушыларды семинар жұмысының жоспарымен таныстырып, сөз сөйледі.
№7 орта мектебінің біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты педагог-психологы Г.Ф. Бахтыбаева семинар қатысушылары үшін психологиялық дайындық әзірледі. Білім беру бөлімінің әдіскері Н.Т. Капчикова қатысушыларды "Мультимедиалық журналистика - уақыт талабы" тақырыбындағы баяндамамен таныстырды, онда мультимедиалық журналистиканың жалпы мәні және облыс пен қала мектептерінің бұл бағыттағы тәжірибесі көрсетілген.
№7 орта мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Н.А. Крылова мектептің осы бағыттағы жұмыс тәжірибесінен алынған «Мектеп сайты мектептің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құрайтын компоненті ретінде» атты баяндамамен қатысушыларды таныстырды. Баяндамада мектеп сайты жұмысының негізгі бағыттары, айдарлар мен бөлімдер, сондай-ақ мультимедиалық журналистика үйірмесіне арналған сайт мүмкіндіктері айтылды.
№ 9 орта мектеп директорының орынбасары Е.В. Владимирцева "Мультимедиалық журналистика жолында" тақырыбында баяндама оқыды, онда "Девяточка" мектеп газетінің жұмысы, сондай-ақ журналистиканың баспа түрінен мультимедиалыққа өту мүмкіндіктері көрсетілген.
№22 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Э.А. Шнайдер «Мектеп баспасөз орталығы оқушыларға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруді дамыту құралы ретінде» тақырыбындағы баяндамамен таныстырды, онда мектептің баспасөз орталығын қалыптастыру, аталған бағыттағы жұмыстың негізгі кезеңдері, осы жұмыс түрінің қиындықтары мен мүмкіндіктері бойынша мектептің жұмыс тәжірибесі баяндалды.
№26 орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Л. М. Маратова «Мультимедиалық журналистиканың» мектептік баспасөз орталығы мен үйірмелерін қалай ұйымдастыруға болады?» баяндамасын жасады. «Мультимедиалық журналистиканың» мектептік баспасөз орталығы мен үйірмелері №26 орта мектебінде 2017 жылдың қараша айынан бастап сәтті жұмыс істеп келеді және белгілі жұмыс тәжірибесі мен жетістігі бар.
Семинар жоспарына сәйкес №7 орта мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Н.А. Крылова топтық жұмыс өткізді. Оның қорытындысы бойынша 5 топтың барлығы мектептегі мультимедиалық журналистика мүмкіндіктерінің өз SWOT-талдауларын көрсетті. Осы жұмыс түрінің күшті және әлсіз жақтары, сондай-ақ мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері тұжырымдалды. Семинарға қатысушылардың барлығы мектептерде "Мультимедиалық журналистика" үйірмесін құру өзекті және қажет деген бір пікірге келді.
Семинар соңындағы рефлексия барысында әр топ өткізілген семинар туралы өз әсерлерін, ескертулерін, ұсыныстар мен тілектерін білдірді. Барлық топтар семинардың мазмұндылығын, ұйымдастырушылығын атап өтті.