Өскемен қаласында көктемгі Кіші Академиясы өтті
Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жоспары бойынша көктемгі Кіші Академия 2018 жылдың 27 – 29 наурыз аралығында «№ 1 орта мектебі» КММ базасында өтті. «Алтын белгі» және үздік аттестатқа үміткер 11 сынып оқушыларына арналған математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, сондай-ақ математика, Қазақстан тарихы, физика, география, биология, ағылшын тілі және т.б. пәндерден тапсымаларды талдау бойынша дәріс өткізілді.
Дәріс М.Н. Серікбаева (№ 20 ом.), О.В. Пустовет (№ 2 жбм.), Т.Е. Қалиақперова (№ 32 ом.), Т.Е.Коваленко (№ 6 ом.) сынды қала мектептерінің тәжірибелі психологтары әзірлеген психологиялық тренингтен басталды.
Дәріс барысында түлектер топта жұмыс жасай отырып, ҰБТ пәндері бойынша тесттік тапсырмалардың ерекшелігімен танысты, логикалық тапсырмаларды шешудің әртүрлі тәсілдерін талқылады. Осының барлығы оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуларының алғашқы қадамы. Жаңа білім алу, пәндер бойынша күрделі мәселелерді талдау, тапсырмаларды шешудің ұтымды тәсілдерімен танысу және т.б. «ҰБТ мектебі» Кіші Академиясының түйінді идеялары болды.
Мектеп мұғалімдері: Р.М. Акимбаева (№ 16 ом), Б.Т. Тыныбаева (№ 26 ом), Л. Актанова (№ 42 ом), М.В. Чуркмна (№ 34 (ом), А.К. Касакаева (№ 3), О.И. Крушинская (№ 24 ом), , Н.З. Бахтиярова (№ 24), Г.Ж. Ныгызбаева (№ 43), А.А. Усикова (№ 38) жүргізген сабақтары . жоғары дәрежеде өткендігіне түлектер мұғалімдерге өз алғыстарын білдірді.