Қазіргі заманғы балаларды тәрбиелеудің өзекті мәселелері қаралды
2018 жылдың 31 наурыз күні «М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ негізінде бала тәрбиесі мен отбасын нығайтудың көкейтесті мәселелеріне арналған «Отбасында және қоғамда тәрбие ортасын қалыптастыру: білім беру үрдісіне қатысушылардың көзқарасы мен ұстанымы» тақырыбында ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференция жұмысына қамқоршылық кеңестерінің, білім беру ұйымдарындағы ата-аналар комитеттерінің төрағалары, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар, БАҚ өкілдері іс-шараға белсене қатысты.
Конференцияны Өскемен қаласының Ата-аналар қауымы кеңесінің төрағасы В.В. Шишлянников жүргізді.
Өскемен қаласының білім беру бөлімі басшысының орынбасары Д.С. Журавлев өз баяндамасында 2017-2018 оқу жылына арналған қалалық білім беру жүйесінің жұмыс нәтижелері туралы айтып өтті. Ол өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқытуда ата-аналар мен білім беру мекемелерінің бірлескен жұмысына көп көңіл бөлінетінін айтты. Барлық білім беру мекемелерінде ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңестері жұмыс істейді. Олар мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен мектептердегі білім алушылардың сондай-ақ ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделерін, құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
«Альтернатива» медиация және құқық орталығы» ШҚ ҚБ директоры О.А. Каленова отбасылық-құқықтық және өзге де әлеуметтік жанжалдарды шешуде медиативтік технологияларға қатысушылардың назарын аударды.
Секциялық отырыстың жұмыс барысында ата-аналар конференция тақырыбы бойынша өз пікірлерін айтып қана қоймай, нақты әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіндегі өзекті мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік алды.
Конференцияға қатысушылар заманауи ата-аналардың білім беру мекемелеріне өскелең ұрпақты тәрбиелеуде баға жетпес көмек көрсетуі тиіс екенін айтып өтті.
Ата-аналар конференциясының қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.