Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Отбасы-мемлекет негізі

2018 жылғы 24 мамырда Отбасын және балалықты қоолдау орталығының директоры Куземко Л.П. «ШҚО ҚХА қоғамдық институттары – Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесінің «ШҚО – қақтығыстардан тыс алаң» және «Отбасы-мемлекет негізі» жобаларын іске асыруға қатысуы» атты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ұйымдастырған семинарға қатысты.

Пленарлық бөлім барысында Л.П.Куземко «Отбасы-мемлекет негізі» атты жоба презентациясын, ал тәжірибелік бөлімде –ШҚО қалалары мен ауылдық округтерінің Аналар кеңесі мүшелері үшін тренинг  жүргізді.

Тренингтің негізгі міндеттері «Отбасы-мемлекет негізі» атты жоба аясында  қоғамды институттар қызметін ұйымдастыру болды, сонымен қатар ынтымақтастық ахуалын құру және аталмыш жобаны белсенді іске асыруға түрткі болу.

Тренинг барысында қатысушылар отбасы мәселелерін анықтап, бұл мәселелерді шешуге Аналар кеңесінің қатысу мүмкіндігін қарастырды. Аналар кеңесі мүшелерімен жүргізілген тәжірибелік жұмыста  нақты іс-шаралар жобаларын әзірлеу, серіктестерді анықтау және олармен әрекеттесу қызметін белгілеу, нәтижелерді жәнее тиімділік индикаторларын болжау ұсынылды.

Әзірленген іс-шаралар жобалары  аталмыш жобаны іске асыру бойынша аймақтық, қалалық, ауылдық Аналар кеңесін жоспарлау негізіне енді.

Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға  үлес қосылып жатыр.