«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2018 жылдың қыркүйек-қазан айында «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ, Қ. Қайсенов көшесі 10А, № 12 кабинетінде өтетін Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 10 «Колокольчик» балабақша-бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, индекс: 070000, Металлургтер көшесі 28/1, телефоны: 77-57-83.
Мектепке дейінгі ұйымның негізгі қызметі: балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу.
Кәсіпорын басшысы лауазымына кандидатты іріктеу кезіндегі негізгі талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдарда 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарлама орналастырған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде 070004, Қ. Қайсенов көшесі, 10а мекенжайына тапсырылады.
Мектепке дейінгі ұйым директорының функционалдық міндеттері:
Лауазымдық міндеттер. Білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға, жарғыға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымы (бұдан әрі – МҰ) қызметіне басшылық етеді. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді; тәрбиеленушілер мен ұйым жұмыскерлерінің оқыту-білім беру үрдісі кезіндегі денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің құрылымын қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал жасайды. Балалардың тамақтануын және медициналық қызмет көрсетілуін ұйымдастыру, тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту және қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Заңнамамен белгіленген мөлшерде МҰ мүлкін және қаражатын басқарады, құрылтай-шылардың қаржы және материалдық қаражаттарының түсуі мен жұмсалуы туралы жыл сайын есеп беріп отырады. Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның сақталуы мен толықтырылуын, есепке алынуын, ішкі еңбек тәртібінің, санитариялық–гигиеналық тәртіптің, еңбек және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметкерлер құрамын жұмысқа қабылдауды және орналастыруды жүзеге асырады, жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаларын әзірлейді. Кадрлардың кәсіптік шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Белгіленген тәртіпте жұмыскерлерді аттестаттауды жүргізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-байланыс құзыреттілігін меңгерген.
Педагогтар кеңесін басқарады. МҰ мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда көрсетеді. МҰ қызметі туралы қажетті есептердің дайындығы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Білу керек. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңдар және білімді дамыту болашағы мен бағытын анықтайтын басқа да нормативті құқықтық актілер, педагогика және психология негіздері, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, педагогика мен психология, педагогикалық ғылым және практика жетістіктері, экономика негіздері, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбек туралы заңнама, еңбекті қорғаудың ережелері мен нормалары, өртке қарсы қорғау және қауіпсіздік техникасы, санитарлық ережелер мен нормалар, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздері.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық жоғары білімі және мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерлерде – кемінде 5 жыл.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 жылғы бұйрығымен бекітілген азаматтық қызметке түсу және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау, сонымен қатар олардың кандидатураларын келісу негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға хабарламада көрсетілген мерзімде білім беру бөліміне қолма-қол немесе пошта арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін түрде жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының, бұрынғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау немесе еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген үлгі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген).
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсыруы қажет (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдары туралы құжаттардың көшірмелері, сонымен қатар бұрынғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстар және т.б.).
Барлық құжаттар толық болған кезде, сондай-ақ тұлғаның осы Ереже талаптарына сәйкес келгенде, Комиссия құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Ақпаратты нақтылауға арналған байланыс телефоны: 544859.