Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Жаңартылған білім беру мазмұны  жағдайында мектептерде қазақ тілі мен   әдебиеті сабағын жоспарлау» атты диалогтік алаң

Қазанның 12-сі күні «№ 26 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны  жағдайында мектептерде қазақ тілі мен   әдебиеті сабағын жоспарлау» атты диалогтік алаң өткізілді.

Семинар мақсаты:

-     Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағын жоспарлауының табысты іске асырылуына көмектесу;

-     Мұғалімдерді қысқа мерзімді жоспарды ұтымды құрып қолдануға үйрету;

-     Мұғалімдерді жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша түрлі әдіс-тәсілдермен таныстыру болды.

«Адам естіп-білгені арқылы ғана жетілмейді, еңбек пен іс – әрекет үстінде қалыптасады» дегендей, іс-әрекет үстінде кеңес-бағдар алып, шығармашылық жұмыстарға қатысып, әдіс-тәсілдер мен оқыту технологияларының алуан түрімен тәжірибелерін жетілдірді.

Қорытынды жасау барысында жас ұстаздарымыз жылы лебіздерін айтып, өз тәжірибе  қоржынына  көптеген мәліметтер алды.

Нәтижесінде, қалалық білім бөлімінің әдіскері З.С.Скакова жас мамандар мектебінің қадам басуымен құттықтап, шығармашылық топ құрамын белгілеп, қазақ тілі мен әдебиеті жас мамандар  мектебінің тұсауы кесілгенін жариялады.