Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Зайырлы елдегі Рухани жаңғыру және діни сана мәселесі» атты қалалық дөңгелек үстел

2018 оқу жылының 12 қазанда Өскемен қаласының  Білім беру бөлімі мен Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ бірлесе отырып «Зайырлы елдегі Рухани жаңғыру және діни сана мәселесі» тақырыбындағы қалалық дөңгелек үстел өткізді. Аталған  іс-шараға Өскемен қаласының мемлекеттік тілдегі мектептердің ұстаздары қатысты.

Өткізу мақсаты:  Бүгінгі таңдағы діни радикалды бағыттардың, деструктивтік ағымдардың ұстанымдарын көрсете отырып, мектеп оқушыларының теріс бағыттағы ағымдардан аулақ болулары жайлы түсінік беру, ой бөлісу.

Қатысушыларды  құттықтап, кіріспе сөзді  Өскемен  қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Мадиярова Л.М. бастады.

 

«Зайырлы елдегі Рухани жаңғыру және діни сана мәселесі» тақырыбында  Ішкі істер бөлімінің теолог маманы Сабалакова А.У. облыстағы діни ахуал, қоғамды тұрақтандыру жолында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

 

«Ұлттық идеология отбасынан басталады»- атты тақырыбында  Өскемен қаласы әкімдігінің «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ тәрбие ісі  меңгерушісі Қапжапаров А.З. мектептегі рухани жаңғруға байланысты жүргізіліп жатқан  жұмыстарды айтып өтті.

«Діни сана және рухани жаңғыру идеясы» тақырыбында  Өскемен қаласы әкімдігінің «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі Бакытханова Ш.С. баяндама жасады.

«Рухани  ұлттық құндылықтар мен діни құндылықтар үндестігі» тақырыбында «Парасат» әдістемелік кеңес орталығының директоры Беркінбаева И.Қ. республика бойынша рухани жаңғыруға байланысты ұлттық құндылықтарды сақтау жолында құнды пікірлерімен бөлісті.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша бүгінгі кездесу өте өзекті мәселе екені айтылды. Рухани ұлттық құндылықтар мен діни құндылықтар үндестігін сабақтастыра отырып, болашақта «Зайырлы елдегі Рухани жаңғыру және діни сана» мәселесі бойынша жұмыстар өзінің жалғасын табады деп есептелінді.