Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

ШҚО Өрт сөндіруші-құтқарушыларды еске алу мемориалының ашылуына қатысу

2018 жылғы 18 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды еске алу стелласы салтанатты түрде ашылды.

Стеланың ашылуы құтқарушылардың кәсіби мерекесі-Қазақстан Республикасы ТЖ қызметтерін құру күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы Владимир Беккер, ШҚО әкімінің орынбасары Серік Ақтанов, ШҚО ІІД басшылығы, құтқару қызметінің ардагерлері, түрлі мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Жалпы сапта кәсіби құтқарушылармен және құрметті қарауылда «№29ҚБМО» «Жас құтқарушы» орталығының балалары да еске алу борыштарын берді.

Сонымен қатар салтанатты іс-шаралар барысында «Жас құтқарушылар» өз атынан ҚР ТЖ комитетінің төрағасы, генерал-майор В. Р. Беккер және ТЖ департаментінің бастығы, полковник Н. Мадьяровқа құтқарушылар күніне арналған құттықтау алғыс жолдауын табыс етті. Өз жолдауында балалар өрт сөндіруші-құтқарушылардың ауыр және игілікті еңбегі үшін және құтқару қызметінің батырларына ұқсас болу туралы өз шешімдері үшін алғыстарын білдірді.

Өскелең ұрпақтың өз өмірін өзгелерге арнаған батырларды еске алуға арналған іс-шараларға қатысуы балаларды отансүйгіштікке, қоғам алдындағы борыш пен жауапкершілік сезіміне тәрбиелейді.