«Ағылшын тілі сабағындағы критериалдық бағалау» тақырыбы бойынша семинар өтті
28.11.2018 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «№24 орта мектебі» КММ-де «Ағылшын тілі сабағындағы критериалдық бағалау» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты - мұғалімдерді бағалаудың түрімен, олардың сипаттамасымен, тиімді оқыту үшін критериалдық бағалаудың мақсаты мен маңыздылығымен таныстыру, әріптестерге суммативтік, формативтік және критериалдық бағалауды тиімді қолдануды қамтамасыз етуде қолдау көрсету. Семинарға қала мектептерінің ағылшын пәнінің мұғалімдері қатысты. Қалалық әдістемелік кабинет әдіскері Капчикова Н.Т., мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аяпбергенова Г.Е. осы семинардың міндеттері туралы айтты.
Семинар барысында келесі сабақтар өткізілді: тік бойынша кіріктірілген сабақ. Мұғалімдер Ливадина Ирина Борисовна, Нугуманова Гаухар Абубакировна және Садыкова Айгуль Рысбековна 5, 8, және 11 сынып оқушыларының білім және біліктіліктерін кіріктіруді кешенді біріктіретін оқу міндеттері мен тапсырмалар сериясы ретінде сабақ ұйымдастырды. Кәсіби-бағытталған тілге үйретуде кіріктірілген сабақтар өте тиімді. Мысалы, ағылшын тілі мұғалімі Молодова Александра Игоревна және химия мұғалімі Евсеева Светлана Александровна "Химия әлемінде" тақырыбы бойынша 7 сыныпта сабақ өткізді, сабақта оқушылар екі тілде өз көзқарастарын білдірді, ағылшын тілі мен химия сабағында бұрын алған білімдерін қолданды, заттар мен дененің қасиеттері туралы айтты, практикалық тапсырмалар орындады. Сабақ өмірмен тығыз байланысты және өзекті болды, жұмыстың практикалық бөлімі эмоционалдық бағытта белсенді өтті.
Семинардың келесі сабақтарын 8 сыныпта "The Aral Sea" тақырыбында ағылшын тілі мұғалімі Леньшина Евгения Олеговна өткізді. Семинардың соңғы кезеңінде рефлексия-қорытынды жасалды: мұғалімдер сабақта жұмыстың әр түрін бағалаудың қажет екенін, дұрыс бағалау үшін суммативтік те, формативтік те бағалау критериалдық бағалау болу керек екенін айтты. Семинар жоғары деңгейде өтті.