«IT - технологиясы мектепте пәндерді оқытудың жаңа жолы» тақырыбында қалалық семинар-практикум
2018 жылдың 19 желтоқсанында Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 37 көпбейінді орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «IT - технологиясы мектепте пәндерді оқытудың жаңа жолы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинарға қала мектептерінің математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері А.З. Нурпеисова өз сөзінде қазіргі қоғамның электрондық және компьютерлік технологияға көшуі мектептегі білім беру жүйесіне жаңа міндеттерді айқындап бергендігін баса айтты. Қазіргі таңдағы заманауи сабақтар ақпапраттық және телекоммуникациялық технологияны қолданбай өтілуі мүмкін емес, сондықтан негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Семинар барысында тақырыптардың теориялық аспектілері айқындалды, АКТ технологиясын қолдана отырып, мектеп ұстаздары ашық сабақтар өткізді. Интернет-ресурстармен, Bilimland.kz порталымен, интерактивті қосымшалармен, тестіленетін бағдарламалармен, әртүрлі авторлық цифрлық білім беру ресурстарымен жұмыстарын көрсетті.
Семинарды қорытындылай келе, болашақта жұмыс істеу үшін сабақ барысында оқушылардың ақпараттық құзырлықтарын қалыптастыруға ұсыныстар қабылданды.
Іс-шара қонақтары семинардың мазмұндылығы мен өзектілігін, сабақтардың, жоғары деңгейде өткізілгендігін, әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылғандығын айтып өтті. Семинар рефлексиясы сауалнама kahoot он-лайн арқылы өткізілді.