Дөңгелек үстел: Қала жастары және жастар саясаты: жастардың бастамаларын дамыту және өсу мүмкіндіктері
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Н.А. Назарбаевтың жолдауын түсіндіру.
2019 ж. 31 қаңтарда Оқушылар шығармашылық сарайында дөңгелек үстел «Қала жастары және жастар саясаты: жастардың бастамаларын дамыту және өсу мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» негізгі қағидасын «Жас Ұлан» балалар мектеп қозғалысының қатысуымен түсіндіру өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» негізгі қағидасын талқылау, жастар жылына арналған, іс-шара өткізу аясында.
Осы іс-шараны өткізу нәтижесінде, оқушылар Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі қағидасымен, мемлекеттік жастар саясатын іске асырады, сонымен қатар Қазақстан балалар ұйымының жұмысымен танысты.
Дөңгелек үстелде «Жас Ұлан» балалар мектеп қозғалысы көшбасшылары қатысты. Талқылау қатысушыларды жаңа Жолдаудың алғышарттары және оның негізгі қағидасын таныстырумен басталды. ҚР Президентінің жолдауы бойынша бейнефильмді көргеннен кейін іс-шараға қатысушылар Президент тапсырмасын орындау кезінде қала мектептерінің рөлі және өз қаласының әл-ауқатын жақсарту туралы пікірталас өткізді.
Жалпы қамтылғаны 100 адам.