Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Skills For Geeks» облыстық чемпионатының қорытындысы

2021 жылғы 9 сәуірде "Skills For Geeks" облыстық чемпионатының салтанатты жабылуы өтті,  жеңімпаздар аталды. Өскемен қаласының командасы "Робототехника" құзыреттілігі бойынша келесі номинацияларда жүлделі орындарды иеленді: "Кегельринг" 10+ жас санаты бойынша Файзенов Санжар (№46 ОМ) бірінші орын, Бейсенов Дәулет (Меновное ОМ) "Сызық бойымен жарыс» номинациясы бойынша  үшінші орын,  14 + жас санатында  Вотановский Рафаэль (№30 ЖББМ) "Танк биатлоны" номинациясы бойынша бірінші орын, Тілеухан Рахат (35 ОМ) "Кегельринг квадро" номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алды. "Бағдарламалау" құзыреттілігі бойынша 14+ жас санатында № 11 мектеп-лицей оқушысы Людмила Лихобабинамен № 17 орта мектеп оқушысы Владислав Гордеев бірінші орын алды. Жалпытоптық есепте Өскемен қаласының құрама командасы 14+ жас санаты бойынша бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!