«Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту жолдары» вебинар
2021 жылдың 14 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу дағдыларынқалыптастыру және дамыту жолдары» атты вебинар өтті.
Вебинар қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған. Вебинарды мектеп директорының оқу ісі жұмысы жөніндегі меңгерушісі Д.Д.Бокеева бастады. Өз сөзінде қашықтықта оқыту кезіндегі кедергілер мен шектеулер туралы айтты, мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жұмыс жүйесі, қолданылып жүрген әдіс-тәсілдері мен технологиялары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, педагог - зерттеуші А.Ш.Муратбаева қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік құзіреттілігін қандай жолдар арқылы қалыптастыратыны туралы айтып берсе, педагог-зерттеушілер Ж.М.Жакиянова, Г.А.Балтабаева 9 сынып және 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестацияға дайындаған кезде қандай ерекше технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолданатыны туралы баяндап берді. Балтабаева Г.А. - өз сабақтарында Padlet атты виртуалды онлайн тақтаны қолдану тәжірибесімен бөлісті.
А.Т.Самарханова Камтазия студио қосымшасы арқылы қазақ тілі сабақтарына бейнероликтерді қалай жасайтыны туралы тәжірибесімен бөлісті.
Г.С.Нурхманова XRecorder қосымшасы арқылы жасалған таныстырымдарын бастауыш сыныптарда тиімді қолдануы туралы тәжірибесін ортаға салды.
Педагогтер өз тәжірибелерін сапалы және қызықты таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.