«Тіл саясатын іске асыру - бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі» атты тақырыбында вебинар
Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№ 26 орта мектебі» КММ «Тіл саясатын іске асыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі» атты тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.
Вебинар барысында тіл саясатын іске асырудағы мектеп мұғалімдерінің атқарып жатқан жұмыстары тілге тиек етілді. Директордың ОІЖ орынбасары Н.С. Кабдуахитова Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына шолу жасады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі, педагог-зерттеуші А.К. Тогусова «Тіл саясатын іске асыру барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің алатын орны» тақырыбы бойынша 3 жыл көлемінде істелген жұмыс барысына толық ақпарат беріп өтті.
Осы тіл саясатын жүзеге асырудағы сыныптан тыс іс-шаралардан үзінді көрсете отырып, істелген жұмыстардың барысымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші, магистр А.М.Уркунчинова таныстырды.
Қорытынды сөз сөйлеген қалалық білім бөлімінің әдіскері З.С.Скакова тіл саясатын жүзеге асырудағы ұстаздардың еңбектеріне жоғары баға беріп, алдағы уақытта да осы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілетініне сенім білдірді.
Қорыта айтқанда, біздің ұстаздарымыздың тіл саясатын іске асыру тұрғысында атқарып жатқан еңбектері елеулі екенін айтқымыз келеді. Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлы «Тілі жоғалған ұлттың өзі жоғалады» дегені біздің мұғалімдерімізді көп ойларға жетелейді, қажырлы еңбек етуге құлшындырады, ол өз кезегінде жемісін беретіне сенеміз.