PIRLS-2021 негізгі халықаралық зерттеуі
2021 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстанда оқу сауаттылығы бойынша PIRLS-2021 негізгі халықаралық зерттеуі басталады. Қазақстанның PIRLS-2021 зерттеуіне қатысуының негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларының қалыптасу деңгейіне тәуелсіз объективті баға алу мүмкіндігі және қазақстандық білім берудің ашықтық қағидатын қамтамасыз ету, жетекші білім беру жүйелерінің халықаралық қоғамдастығына интеграциялануы.
Короновирустық инфекция пандемиясына байланысты зерттеу 2021-2022 оқу жылының 1-тоқсанына ауыстырылды. Зерттеуге 2020-2021 оқу жылының 5-сынып оқушылары, 4-сынып мұғалімдері қатысады. Қазақстан Республикасы бойынша қатысушылардың жалпы саны – 10 646.
Шығыс Қазақстан облысында зерттеу 27 қыркүйекте басталып, 2021 жылғы 21 қазанға дейін жалғасады. Облыс бойынша 24 мектеп іріктеліп алынды: 12 қалалық, 12 ауылдық мектеп.
Зерттеуге 5-сыныптан 580 оқушы қатысады. Өскемен қаласының 13, 17, 20, 24, 46 орта мектептерінен 5 сынып оқушылары зерттеуге қатысты. Бүгін 24 орта мектебінде Pirls зерттеуі өткізілді. Зерттеуге 28 оқушы қатысты, олардың ата-аналары және мұғалімдері.